Менің Елім-Мәңгілік ел: ақпараттық сағат
Абай атындағы кітапханада тарихи маңызы бар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар тізбегі әлі де жалғасуда. 13 қыркүйек күні Шәкәрім атындағы университеттің 1-4 курс студенттеріне «Менің Елім-Мәңгілік ел» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Кітапханашылар студенттерге қазақ хандығының құрылу тарихына, қазақ хандарының тәуелсіздік жолындағы табанды күрестеріне шолу жасады. Еліміздің арғы – бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, ата-бабаларымыз көрсетіп кеткен бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін баяндап, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттап, патриоттық сезімдерін арттырды. Қатысушылар өз тараптарынан сұрақтарын қойып, «Менің Елім-Мәңгілік ел» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.