Абай кітапханасы қорындағы татар әдебиетінің басылымдары: баяндама
2015 жылдың 19 қыркүйегінде Абай атындағы кітапханада «Татар ұлтының тарихи-мәдени мұрасы және қазіргі заман бағыты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Конференция барысында кітапхана қызметкері «Абай кітапханасы қорындағы татар әдебиетінің басылымдары» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндаманың басты бағыты татар ұлтының кітап басылымдарына шолу жасау болды. Аталмыш шара аясында ұзақ жылдар бойы кітапхана қорында сақталып келген сирек басылымдар қатысушылар назарына ұсынылды. Араб қарпімен жазылған 1923-1929 жж. және латын қарпімен жазылған 1930-1939 жж. баспадан шыққан кітаптар конференцияға қатысқандардың көңілінен шықты. Әсіресе, Мұса Жалилдің 1925 жылы шыққан «Революционные песни» атты басылымын ерекше атап айтуға болады.
Конференция барысында қатысуышаларға «Татар кітап мәдениеті» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітап көрмесіне сирек қордағы татар тіліндегі басылымдар қойылып, татар мәдени орталығы мен татар қоғамы өкілдерінен алынған ұлттық қолданбалы өнерінің бұйымдарымен безендірілді.