Ән падишасы: кітап көрмесі-обзор
Абай атындағы әмбебап кітапханасының «Өнер өлкесінде» клубының аясында 23 қыркүйек күні Әміре Қашаубаевтың туғанына 127 жыл толуына орай «Ән падишасы – Әміре» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді.
Іс-шара барысында бөлім қызметкерлері «Жас ұлан» лицей тәрбиеленушілері мен Радиотехника және байланыс колледжінің студенттеріне ән өнерінде өзгеге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы, орындаушылық дәстүрі бар әнші Әміре Қашаубаевтың қазақ музыка мәдениетінің тарихында халықтың ән өнерін насихаттауға ай-рықша үлес қосқаны жайында маңызды ақпараттар берді.
Қазақтың “Ағаш аяқ”, “Үш дос”, “Қос барабан”, “Қызыл бидай”, “Смет”, “Жалғыз арша” сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі-өнегемен орнығып, Қ.Байбосынов, Б.Тілеуханов т.б. жез таңдай әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Осындай дарын иесінің еңбектері ескеріліп, келер ұрпаққа кеңінен насихатталса ұлы әншінің артына қалдырған мол мұрасы да, оны жеткізген шәкірттерінің үлесі де ұрпақтар жүрегінен өшпек емес.
Шолу барысында әншінің орындауындағы “Ағаш аяқ”, “Үш дос”, “Қос барабан”, “Қызыл бидай”, “Смет”, “Жалғыз арша” т.б.ы әндері жайында қызықты мәліметтер келтіріліп, күйтабақ тыңдалды.