Абайтанудың көрнекті қайраткері: кітап көрмесі
2015 жылдың 10 қазанында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, ғалым – Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуы мерейтойына орай «Абайтанудың көрнекті қайраткері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қ.Мұхаметханов – Семейде Абайдың мұражайын ұйымдастырушы (1940). Қазақ КСР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, әдеби аудармашы. Қазақстанның Мемлекеттік силығының, Жазушылар одағы силығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі. Ол «Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітаптан тұратын жинақ құрастырды. «Абай» журналының қайта жарық көруіне үлкен еңбек сіңірді.
Аталмыш кітап көрмесінде ғалымның көптомдық еңбектері, монографиялары, мерзімді басылымдар беттеріндегі құнды мақалалары, CD, DVD электронды қорлары және т.б. қойылды. Көрменің ашылу салтанатына ғалымның ұлы – Қанағат Ғабдулқайымұлы Мұхамедханов, ЖОО оқытушылары, студенттер және кітапхана пайдаланушылары қатысты.
Көрмеге шолуды кітапхана машықкері, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенті Ә.Карибаева жүргізді. Іс-шара соңында Қанағат Ғабдулқайымұлы сөз алып, кітапхана қызметкерлері еңбегіне зор алғыс білдіре отырып, келешекке шығармашылық табыстар тіледі.