Көп тіл білгеннің көкжиегі кең!: клуб қызметі
17 қазанда кітапхана қабырғасында ғылыми, ғылыми-көпшілік және көркем шығармаларды аударудан клуб қызметінің кезекті басқосуы өткізілді.
Клуб жұмысының маңыздылығы еліміздегі үштілділік бағдарламасын дамытуға негізделген. Клуб мүшелері әдеби теориялық аудармаларды қазақшадан, орысшадан және ағылшыншадан аудару үрдістерін тәжірибемен ұштастыра білу танымдығына ие болады. Аталмыш клубтың әрбір мүшесінің өз алдарына қойған мақсаттары бар: әз біреуі тілдерді тереңірек оқып білуге, екінші бірі көркем поэзиялық шығармаларды аударуға, ал кейбіреуі арнайы, ғылыми және техникалық әдебиеттерді аударуға үйренбекші. Жалпы, клуб аясында өткізілетін аударма жұмыстары арқылы жастар тілдерді тереңірек танып білуге, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңірек танытуға және жаңа достар табуға мүмкіндік алады. Клубтың жетекшісі Семей Мемлекеттік Медициналық университетіндегі ағылышын тілі пәнінің оқытушысы Шокбатарова Кунгуль Андариевна алғашқы бас қосу барысында жастарды аудармаға қатысты шығармашылық үрдістерге баули білді. Кезекті сабақ барысында клуб мүшелері казақ тіліндегі жыр жолдарын орыс тіліне аударуға қатысты тапсырмаларды орындамақшы. Клуб барлық ниет білдірушілерді шақырады және аптаның сенбі күндері 15:00 жұмыс істейді.