Кітапхана ісін дамытудағы қосқан үлесі үшін
2015 жылдың қазан айының 23-ші жұлдызы күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевтан кітапхана ісін дамытудағы қосқан үлесі мен кітап мәдениетін қалыптастырудағы ерен еңбегі үшін Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері: Амренова Г.Ф,. Байкенова Г.К,. Мұқанова З.Т,. Манжибаева Ж.Ә,. Чушекова Ж.М. алғыс хат алды.
Кітапхана ұжымы өз әріптестерін осы марапаттарымен құттықтап, зор денсаулық, отбастарына амандық, Семей өңірі кітапхана ісін дамытуда шығармашылық табыстар тілейді.