Әлемдік деңгейдегі тұлға: кең көлемді кітап көрмесі
Абай атындағы кітапханада 24 қараша күні Тұңғыш Президент күніне арналған «Әлемдік деңгейдегі тұлға» тақырыбында үш бөлімнен тұратын кітап көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.
Көрмені мәдениет саласының үздік қызметкері, ақын Қ.Ж.Нұрқасым өзінің «Тәуелсіздік толғауымен» ашты. Шәкәрім атындағы университеттің тарих кафедрасының доценті, ғалым-этнограф Мұхаметқазы Мұхамедиұлы шараға келген Әуезов атындағы педагогикалық колледжі мен «Авиценна» колледжінің студенттеріне жас мемлекетіміздің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін баяндап берді. Шара барысында кітап көрмесіне шолу жасалып, слайд-көрсетілім ұсынылды.
Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолын бейнелейтін көрменің «Ел еңсесін еселеген Елбасы» бөлімінде Елбасының өмір жолы, адам және азамат ретіндегі қырларын көрсететін әдебиеттер орын алды.
Көрменің «Н.Ә.Назарбаевтың қызмет хроникасы» бөлімінде Тұңғыш Ұлт көшбасшысының елімізді басқаруда атқарған ұлан ғайыр істері мен сұңғыла саясаткерлігін, тәуелсіздіктің алғашқы қиын қыстау жылдарынан бастап бүгінгі қарышты даму жолдарындағы атқарған қызметтері жайлы баяндайтын «Размышление о лидере», М. Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Первый президент Республики Казахстан Хроника деятельности 1990 -2011гг», «Кемеңгер»,«Қазақстан даму стратегиясы», Н.Ә.Назарбаевтың «Халыққа арнау. Слово к народу», «Қалың елім қазағым», «Ой бөлістім халқыммен», «Тарих толқынында» және т.б. кітаптары мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Елбасының Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалау бағытындағы басылымдар көрменің «Н.Назарбаевтың сыртқы саясаттағы ролі» бөліміннен орын алып, «Әлем Қазақстан туралы, Президент туралы», «Президент Н.А. Назарбаев и современный Казахстан», Том III. Н.А. Назарбаев и внешняя политика Казахстана» кітаптары оқырман қауым үшін маңызды құжаттар болмақ.
Көрме 24 қарашадан 10 желтоқсанға дейін пайдаланушыдар назарына ұсынылады.