Менің балалық шағымның аспаны: бейнелеу өнері бойынша қалалық шығармашылық сайыс
2015 жылы 1 желтоқсан күні ШҚО Абай атындағы кітапханада Семей қалалық көркемсурет мектебімен бірлесе 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Менің балалық шағымның аспаны» атты бейнелеу өнері бойынша қалалық шығармашылық сайыс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – Елбасымыздың көрегенді саясатының арқасында бүкіл әлемге танылу жолын көрсету және дарынды оқушылардың эстетикалық талғамдарын, қабілеттерін дамыту және қолдау көрсету, Елбасы тақырыбындағы әдебиеттерді алынып оқылуына ықпал ету.
Сайысқа қалалық көркемөнер мектебінің, Невзоров музейінің, Жастар сарайының жас қылқалам шеберлері, «Ақбұлақ», «Жас қанат», «Жас жұлдыз» т.б.бейнелеу студияларының оқушылары қатысты.Іс – шараның өткізілуі барысында қала мектептерінің оқушылары, Республикасының алғашқы Президентінің өмір жайынан қызықты мәліметтерімен, көрмеге қойылған жас қылқаламгерлердің шығармаларымен танысып өз ойларымен бөлісті. Байқауға жас қылқаламгерлердің 111 – нан астам туындылары қойылды. Өнер бәсекесіне жергілікті жерлерде жұмыстары іріктеліп алынған, көркем және өнер мектептерінде оқитын 10 мен 17 жас аралығындағы балалар қатысты.Байқау қортындысы бойынша Хайбулина Селина,Жампейсова Рената,Шарифова Шабнам,Мельс Диана,Айгалиева Алия,Алдашев Асылбек,Вахитова Ильнара,Уткина Кристина және көптеген оқушылардың жұмыстары жоғары бағаланып, мақтау грамоталары, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау барысында «Әлемдік деңгейдегі тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды.
Мәдени іс-шараның соңында жас қаламгерлерді мараппттау және «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильмімен аяқталды.
Көрмеге оқырмандар,оқушылардың ата-аналары қатысты. Көрмеден алған әсері жайында Алматы қаласынан немересімен келген қонақ өз лебізін білдірді.