Алаш және тәуелсіздік: дөңгелек үстел
Абай атындағы кітапханада 9 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы қарсаңында «Алаш және тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында филология ғылымының докторы Т.Шаңбай, тарих ғылымының кандидаты А.Исин, саясаттану ғылымының кандидаты Асан Омаров, философия ғылымының кандидаты М.Түйебаевтар «Алаш және тәуелсіздік» тақырыбының идеялық тұғырының биіктігін, Алаш партиясын ұйымдастырған, европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құрып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған Алаш қайраткерлерінің өмірін, атқарған қызметтерімен зерттелуін қатысушыларға баяндап берді. Көпсалалы колледжінің студенттері Мамалиева Бақыт пен Жарқын Қамшыгер өздерінің тәуелсіздікке арналған арнауларын оқыды.
Қатысушылар тарапынан мектеп бағдарламасына «Алаштау» пәнін кіргізу мәселелері жайында ұсыныстар жасады. Шара соңында мәдениеттанушы Қ.Нұрқасымның әні мен сөзіне жазылған «Семей Алаш» әнінің сөзі шараға қатысушыларға таратылып, барлығы бірге орындады. Дөңгелек үстелге Шәкәрім атындағы университеттің, құқық және бизнес колледжінің, спорт колледжінің, қызмет көрсету колледжінің, педогогикалық колледжінің, көпсалалы колледжінің, «Семей» колледжінің, электротехникалық колледждің, геодезия және картография колледждерінің студенттері қатысты. Мәдени шараны «Хабар», «Қазақстан- Семей», «ТВК-6» телеарналары түсіріп, Ертіс өңірі, Вести Семей газеттерінің журналистері жазып алды.