Жақсылық жаса: қайырымдылық акциясы
1 наурыз-Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері сағат 12:00-де «Жақсылық жаса» тақырыбында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Семей қаласында екі «Рахмет» әлеуметтік дүкені жұмыс жасайды. Дүкеннен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар өздеріне қажетті заттарын, киімдерді, кеңсе заттарын, ойыншықтарды Рахмет сөзін айтып тегін ала алады. «Рахмет» әлеуметтік дүкеніне жетекшілік ететін «Исток» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Михайлова Людмила Дмитриевнаға кітапхана ұжымы жылы маусымдық киімдерді табыстады. Бұл қайырымдылық акциясы ұжымда арі қарай да жалғасын табады.