Егемен елдің кемеңгер басшысы: слайд – дәріс
26 қараша күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып «25 жұлдызды күн» шеңберінде, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қаласының Ішкі істер басқармасы қызметкерлеріне «Егемен елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында слайд – дәріс өткізілді.
Шараның мақсаты – казақстандық патриотизмді қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тұла бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы ретіндегі ролін көрсету.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. Елімізде 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланып, жыл-сайын аталып өтуде.
Дәріс барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық және жасөспірімдік шақтарынан қызықты ақпараттар беріліп, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған істеріне талдау жасалынып, халықаралық аренадағы ролі жайында айтылып өтті.
Тыңдаушылардың назарына ұсынылған «Елбасымен нұрлы болашаққа» атты кітап көрмесіне қойылған Елбасы еңбектеріне, «Сындарлы он жыл», «Өзекжарды ойлар», «Н.Назарбаев: фотосуреттер», «Нурсултан Назарбаев: биография», Н.Назарбаев «В потоке истории», Н.Назарбаев «Эпицентр мира», Н.Назарбаев «Мыслями с народом поделюсь», Н.Назарбаев «Казахстанский путь» т.б. кітаптарға шолу жасалынды.
Шара соңында «Елбасы жолы» атты деректі фильм көрсетілді.