• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бекен Имахановтың дара жолы: ток-шоу

Бекен Имахановтың дара жолы: ток-шоу

  • 24.01.2017

24 қаңтар күні Абай атындағы әмбебап кітапханада Семейдің Абай атындағы музыкалық-драма театрының актеры, Қазақ ССР-інің халық әртісі Бекен Имахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Бекен Имахановтың дара жолы» атты ток-шоу өтті.
Ток-шоу көрермендері актердің қызметтестері, Абай атындағы музыкалық-драма театрының актерлары, қаламыздың зиялы қауым, қызмет көрсету саласы колледжі мен Олимпиядалық резервінің аймақтық колледжі және Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері, кітапхана пайдаланушылары қатысты. Кеш қонақтары ҚР мәдениет қайраткері Әшімбеков Сапарбек, Сыдық Мырзахан актердің шығармашылық жолынан естеліктер айтып, Қазақстанның халық әртісі, тума талант, дарын иесі Бекен Имаханов туралы өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Театр абызы, өнердің анасы Күләш Сакиеваның Бекен ағамызға арнаған естеліктерінен бейне түсірілім арқылы естеліктері мен тілек баталары көрсетілді. Театр актері Бекзат Омашев «Махаббатты өмірге» деген әнімен шәшу шашты.
Жазушы Молдабек Жанболатов ағамыз қазақ театрының алғашқы шымылдығын ашқан Мұхтар Әуезовтың «Еңлік – Кебек» спектаклі, Семей театрының тарихы мен Бекен ағамыздың ойнаған ролдері жайында әңгімелеп берді.
Шара барысында актер ойнайтын спектакльдерден үзінділер қойылып, әріптесерінің актер туралы лебіздері экран арқылы көрсетіліп, «Естен кетпес естеліктер» атты кітабының таныстырылымы болады. Бекен Имахановтың актерлік шеберлігінің толысқан шағында, сахна төрінде сомдалған «Абайдағы» (М.Әуезов) – Абай, «Шәкәрімдегі» (М.Ибраев) – Шәкәрім, «Жаза-Назадағы» (Т.Ибрагимов) – Құнанбай бейнелері қазақ театр өнеріндегі қайталанбас, дара тұлғалар. Орда бұзар отызында «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, ал қамал бұзған қырқында «Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағы, екі мәрте Қазақ ССР Жоғары кеңесінің құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі» медалімен марапатталған. Қазақ Кеңес, Шығыс жұлдыздары және Шәкәрім энциклопедияларында есімі жазылған. Бүгінде 80-нің сеңгіріне шығып отырған абыз қария Абай атындағы музыкалық-драма театрында еңбек етіп, қазақ өнері мен мәдениетіне қызмет етуде.
Актермен бетпе-бет жүздескен көрермен қауымның, өнер иесіне қойған сұрақтарының көбі актер шығармашылығына және өмір жолына байланысты болды. Кешке арнайы «Театр – менің өмірімде…» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалындды. Кітап көрмесінде Бекен Имахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған кітапхана қорындағы кітаптар, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген және актер туралы жазылған мақалалар мен фотосуреттер қойылды.
Бекен Имахановтың мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025
Астана: кеше, бүгін, ертең: ақпараттық сағат
03шіл.2025
«Алаш» электрондық кітапханасы – қазақ зиялыларының мұрасын сақтаушы цифрлық орта: электрондық кітапхана таныстырылымы
03шіл.2025
Сарбаз. Ұстаз. Жазушы: кітап көрмесі
13мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now