… Сессиядан сессияға дейін…: гитара сазы кеші
Абай атындағы кітапханада әдеттегідей айдың соңғы жексенбісі – 29 қаңтарда «Ключ» авторлық әндер клубының ұйымдастыруымен гитара сазының кезекті кеші өтті. Шара тақырыбы айтып тұрғандай кеш студенттік шаққа арналып, «…Сессиядан сессияға дейін…» деп аталды. Ресейде студенттер күні 25 қаңтар Татьяна күніне сәйкес келеді, ал Қазақстанда – 17 қарашада, Халықаралық студенттер күніне сәйкес келеді. Біз аталған екі мерейлі күндерді біріктіріп, өзіміздің Семейлік студенттер күнін атап өттік. Бұрынғы студент деген болмайды, сондықтан да өзін студент санағандардың бәрі келді. Жиналған қауым әртүрлі жас өкілдерінен тұрды, әндер де әрқилы шырқалды. Кештегі музыка диапазоны классикадан рокқа дейін қамтыды. Жас буын өкілдері көптілді (қазақша-орысша-ағылшынша) әндер шырқаумен кешке ерекше әр берді. Қатысушылардың студент кезінде студенттік тақырыпқа жазған авторлық әндері де өз тыңдарманын тапты. Қазіргі студент жастар өте көне, 12 ғасырда кезбе студенттер – ваганттар жазған студенттік «Прощание со Швабией» әнімен танысты. Орыс тілінде орындауда «Во французской стороне» аталған бұл ән 70-ші жылдары шырқалған. 90-шы жылдары бұл ән студенттер арасында ең кең таралған да, кейіннен ұмыт болған. Кеш әдеттегідей тартымды, жанға жағымды атмосферада өтті. Клубтың шығармашылық тобы мен жұлдыздары ТВК-6 телеарнасының ерекше тұлғалары жайлы Мадина Мукашеваның арнайы телебағдарламасына қонаққа шақырылды.