Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қасірет: басылымдар көрмесі
8 ақпан күні Абай атындағы кітапханада «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қасірет» тақырыбында басылымдар көрмесін жасақтады.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы әдебиеттермен, ҚР-ның құқықтық құжаттарымен таныстырып, ақпарат беру, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін және өмірлік көзқарасын қалыптастыру.
Шара барысында оқырмандарға кітап көрмесімен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының кез-келген дамуына үлкен қатер тудыратындығын түсіндірілді. Жемқорлық дегеніміз – адалдық пен көрегенділіктің жоқтығы, лауазымдық қызметін пайдаланылып, әділетсіз жолмен пайда табу. Бұдан соң кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер жайында ақпарат беріп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты мақал-мәтелдерге назар аудара отырып, олардың дөп айтылғандығын тілге тиек етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Шара соңында кітапхана қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлығымыз біріге күш салып қолға алсақ қана келешегіміз жарқын болмақ, – деп шараны қорытындылады. Көрмеге Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы әдебиеттер қойылып, шолу жасалынды. Кітап көрмесіне барлығы 23 кітап пен мерзімді басылымдар қойылды.