Әлеуметтік жобалар: тұсаукесер
9 ақпан күні Абай атындағы кітапхана «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Өмір сабағы» және «Сен жалғыз емессің» жобаларының тұсаукесерін өткізді. Шараның мақсаты: «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының жүзеге асыруымен балалар үйінің түлектеріне арналған «Өмір сабақтары» жобасы және «Ақ тілек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қарт адамдар мен мүгедектерге арналған «Сен жалғыз емессің» жобаларының ресми тұсаукесері өткізіп, таныстыру.
Шараға балалалар үйінің тәрбиеленушілері, қарт адамдар, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, серіктестер қатысты.
Жобалардың тұсаукесері «Отбасы орталығы» және «Ақ тілек» қоғамдық қорларының президенті Жибраева Жанна Жағфарқызының құттықтау сөзімен ашылды. Шара барысында «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының үйлестірушісі О.В.Шишкина «Өмір сабақтары» жобасы жайында және «Ақ тілек» қоғамдық қорының үйлестірушісі Г.Голубенко «Сен жалғыз емессің» жобасы бойынша жан-жақты ақпараттар беріп өтті. Абай атындағы кітапхана қызметкері О.Ф.Мальцева кітапхананың қызмет бағыттары мен ресурстары жайында мәліметтермен таныстырды.
«COSMO» сән салонының стилисі Инна Дрыгина балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Өз-өзін күту» тақырыбы бойынша шеберлік класын өткізді. Шара барысында шаш және тері күтімі, макияж жасау, киім үлгілері жайында қызықты ақпараттар берді.
№1 ЖДА басшылары Гүлнар Төлеутаева мен Вера Кишка «Жеке бастың гигиенасы және денсаулық» тақырыбында ақпараттық слайд көрсетілімін жүргізіп, кеңестер берді. Сонымен қатар, дәргер-онколог Мұрат Нұргазин қарт адамдар арасында профилактикалық әңгіме өткізіп, рак ауруын алдын алу жолдары туралы айтып, «Рак туралы не білу керек?» атты ақпараттық буклеттер таратты.
Шара соңында аталған жобалар аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жыл бойына қаладағы оқу орындары мен мәдени-тарихи мекемелерге , лагерьлер мен демалыс кешендеріне тегін баруға мүмкіндіктер ұсынылды.