Үшінші жаңғырту – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі: дәріс
2017 жылдын 10 ақпанында кітапхана қызметкерлері Семей гуманитралық-заң және техникалық колледжінде «Үшінші жаңғырту – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбында дәріс өткізді. Шара барысында өршіл де, шығармашыл жастарға Жолдаудың басым бағыттарына түсіндіріліп, Жолдаудағы Президенттің баса назар аударған Үшінші жаңғыртудың бес негізгі бағыты: экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылық; адами капитал сапасын жақсарту; институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес; тақырыптарына толығырақ тоқталынды. Жолдаудағы білім беру жүйесін реформалау бағыты қатысушылардын қызығушылығын тудырғандықтан, білім беру жүйесінің үш тілде оқыту жүйесіне кезең-кезеңімен өтуі жайлы, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттігін де баса айтылды. Бұл – аса маңызды іс. Өйткені, ұлтжанды азамат өз ұлты мен Отанына, дініне қиянат жасамайды. Аталмыш шара халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт болып жұмылып, жүзеге асыруымыз қажет, деп қорытындыланды.