Кітапханалық ИРБИС жүйесіндегі мерзімді басылымдардың библиографиялық жазулары: практикум
Абай атындағы әмбебап кітапханасы жаңадан келген кітапханашы мамандардың кәсіптік біліктілігін жетілдіру мақсатында «Мерзімді басылымдардың библиографиялық жазулары» практикумын ұйымдастырды. Білім беру шарасына 3 жаңа қызметкер қатысты. Шараның мақсаты: кітапхана қызметкерлерінің білімін кеңейту және кәсіби қызметтерінде қолдануын қадағалау. Оқу барысында кітапхана қызметінде ИРБИС бағдарламасының тәсілдері түсіндірілді. Кітапханашы мамандарға Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасының ресми сайты (http://www.semeylib.kz) туралы, электронды библиографиялық дерекқорлар туралы қысқаша ақпараттар берілді. Практикумда «Библиографиялық жазу негіздері», «Библиографиялық сипаттама жасау үлгілері», «ИРБИС-те іздеу қызметін қолдану», «Шығыс Қазақстан және Қарағанды кітапханаларының корпорациялық жұмысы» сұрақтары оқыту бағдарламасында қарастырылды. Кітапханашылар алған білімін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалануына мүмкіндік алды. Өткізілген іс-шарадан күтілетін нәтиже: кітапханашылар алған білімдерін кәсіби қызметтерінде қолдану және өз шығармашылықтарын дамыту.