Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: кітап көрмесі
1 наурыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері ШҚО ТҚҚ Департаментінің Семей қалалық ТҚҚ басқармасы мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып кітапхана пайдаланушыларына «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы заңға енгізілген өзгерістер, «Біздің сарапшымыз», «Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Көлік қызметін көрсету саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау», Туристік қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және т.б. көптеген кітаптар мен брошюралар, буклеттер қойылды. Шара барысында әр тұтынушы өзінің құқықтары мен міндеттерін біле отырып, құқықтық сауатты болуы және тауардың сапасы тиісті емес жағдайда мүдделерін қорғау үшін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне немесе сотқа жүгінуге құқылы екендігі туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, айырбастауға жатпайтын тауарлардың тізімі мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне жүгінген жағдайда шағымнның үлгісімен таныстырылды.