Ең белсенді оқырмандар: марапатау рәсімі
Жыл сайын 2 сәуір күні Халықаралық балалар кітабы күні ұлы дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай аталып өтіледі.
Осындай Халықаралық маңызға ие Балалар кітабы күніне орай балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері тек кітап оқумен шектелмей, кітапханада өтетін шараларға белсене қатысатын өздерінің үздік оқырмандарын марапаттады.
Бөлімнің тұрақты және белсенді оқырмандарының ішінде ең үздігі болып №11 орта мектептің 4 «Ж» сыныбының оқушысы Жақиянов Ратмир, №47 орта мектептің 4 «Б» сыныбының оқушысы Жұмабай Гүлжан танылды.
Шара барысында ұйымдастырушылар балаларды аталмыш мерекемен құттықтап, жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлыққа кітаптар табыстады.