Оқустан көңілді елі: миға шабуыл
4 сәуір күні балалар әдебиеті бөлімінде халықаралық маңызға ие
2 сәуір – «Балалар кітабы күніне» орай №37 мектеп – гимназияның 6 сынып оқушыларымен «Миға шабуыл» шарасын өткізді.
«Миға шабуыл» стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Мұнда балаларда ой-пікір, пайымдары қалыптасады, шығармашылықпен жұмыс істейді.
Шараға білімгерлерден құрылған «Достық» пен «Ынтымақ» атты екі топ қатысып6 өз білімдерін ортаға салды. «Сен білесің бе?» кезеңінде кітаптың шығу тарихы, балаларға арналған газет – журналдар атаулары, мектеп оқулықтарын шығаратын баспаханалар және т.б. әр түрлі топтастырылған логикалық жан-жақты сұрақтар қамтылып, нақты жауаптар алынды. «Ұлыларға ұлағат» кезеңінде оқушыларға ақын – жазушылардың портреттері көрсетілді, қатысушылар өздері білетін ақын – жазушылардың аты-жөнін дұрыс табуға тырысты. Топтарға «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» идеясы ұсынылып, балалар тақтаға қазақ тілінің болашағы жайлы өз пікірлерін, ойлары жайында нақты жазып, қорғады. «Сиқырлы қобдиша» кезеңінде балалар қазақ әдебиеті мен мәдениеті жайында блиц сұрақтарға жауап берді.Топқа берілген тапсырмаларды жеткіншектер қызу талқыға салып, нақты жауаптарын назарға ұсынып отырды. Шара барысында «Ынтымақ» тобының мүшелері белсене қатысып өз білімдерімен жақсы нәтиже көрсетті.
Оқырмандарға бағыт-бағдар сілтейтін әр түрлі қызықты әдеби кітаптар мен танымдық энциклопедиялармен топтастырылған «Кітап – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.