Алашорда үкіметіне – 100 жыл: өлкетану сағаты
Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері қаламыздағы оқу орындарының мұғалімдерін, студенттері мен оқушыларын «Алаш» электрондық кітапханасымен таныстыруын жалғастырды. 18 және 19 сәуір күндері Қазақ инновациалық гуманитарлық-заң университеті мен №12 орта мектебіне барып, Алашорда үкіметінің құрылғанына 100-жыл толуына арналған өлкетану сағатын өткізіп қайтты. Шара барысында Семей қаласының – Алашорда үкіметінің астанасы болғанына басты назар аударып, алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, Ж.Ақпаев, Р.Марсеков, Ш. Құдайбердиевттердің ел тәуелсіздігін алу үшін атқарған істері мен Орыс Географиялық қоғамының «Жазбаларында» басылған еңбектері туралы танымдық ақпараттар берілді.
Өлкетану сағатының негізгі жаңалығы «Алаш» http://alash.semeylib.kz/, электрондық кітапханасына, оның әрбір айдарлары мен алаш қозғалысының тарихы мен мұрағаттар мен мұражайлардан алынған құжаттармен таныстыратын виртуалды саяхат болды. Қатысушылар тек қана «Алаш» деректер қорынан керек ақпараттарды іздеу жолымен танысып қана қоймай, өздерінің де тәжрибе жүзінде іздеп көрулеріне мүмкіншілік берілді. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ұстаздары Б.Сейітова мен М.М.Түйебаевтар және №12 орта мектеп кітапханашылары «Алаш» электрондық кітапханасының оқушылар мен студенттердің алашорда тарихы мен алаш қайраткерлерінің мұраларын зерттеулері үшін теңдесі жоқ кітапхана деп жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді.