Фариза Оңғарсынова лирикалық бастаулары: кітап көрмесі
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының пайдаланушыларына 2013 жылдың 19 мамыр күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Фариза Оңғарсынова лирикалық бастаулары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілген күні: 19 мамыр 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Қатысушылар: кітапхана пайдаланушылары. Қатысушылар саны: 20 Шараның мақсаты: кітапхана пайдаланушыларына ақын Фариза Онғарсынованың өміржолы, шығармашылығымен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Кітапхана пайдаланушыларына кітапхана қорындағы қаламгердің қолынан жазылған лирикалық өлең жинақ туындыларын өз қажетттіліктеріне жарату.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының пайдаланушыларына 2013 жылдың 19 мамыр күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Фариза Оңғарсынова лирикалық бастаулары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Фариза Оңғарсынованың жасөспірімдерге арналған «Асау толқын» атты жаңа кітабында заман рухы, ғасыр тынысы, бүгінгі ұрпақтың ой-арманы мен өмір тынысы көркем тілмен шебер бейнеленген. Мәдени шараға ақынның қалам тербеген туындылары «Асау толқын,», «Біздің кәмшат», «Шашы ағарған қыз», «Сенің махабатың», «Биіктік», «Нежность», «Озарение», «Алмазный клинок» т.б кітаптары және басылым беттеріне жариялаған тың ақпараттар ұсынылды. Фариза Оңғарсынова – күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Биылғы «Бір ел – бір кітап» акциясында ақын жырларын насихаттаудың өзіндік мәні бар. Ұлы суреткер тек өзі өмір сүрген дәуірдің ғана емес, өзінен бұрын өмір сүрген және өзінен кейін өмір сүретін бірнеше буынның шыны мен сырын, қайғысы мен мұның түгел қамти алды. Поэзия падишасының Отанын, туған жерін, өзі туып өскен өлкенің кешегі мен бүгінгі өмірін, адам еңбегін, әкесі мен анасына деген ұлы махабатын достық пен сүйіспеншілікті жырлады. Қаламгер қазақ әдебиетіндегі жыр тарланы. Кітап көрмесіне ұсынылған қаламгер шығармалары пайдаланушыларға берер тағылымы мол болмақ. Кітап көрмесіне 17 кітап пен 9 мерзімді басылымдар қойылды.