1117-1134 / 2614

Дербес компьютерде жұмыс жүргізу: тренинг

20.12.2018

2018 жылы Абай атындағы кітапханасы компьютерлік сауаттылыққа үйрету бойынша жұмыстарын жалғастырды, биыл тренингтерге 80 адамға жуық қатысты. Аталмыш тренингтерде, он сағатта компьютер негіздерін меңгеруден басқа, пайдаланушылар электронды үкімет порталымен жұмысты игере алды. Осылайша, біз еліміздің цифрландыру бағдарламасына өз үлесімізді қосамыз. …

Ағылшын тілі курсы: қорытынды

19.12.2018

2018 жылдың 13-14 желтоқсан аралығында Абай кітапханасында ағылшын тілі курстарының аяқталуына арналған іс-шара өткізілді. Ағылшын тілі курсы қыркүйек айынан басталып, желтоқсан айының соңына дейін жүргізілді. Курсқа әр санаттағы оқырмандар қатысты. Атап айтқанда: студенттер, қала мектеп оқушылары мен колледж студенттері, әр …

«Абай әлемі» кітаптар топтамасы: тұсаукесер

15.12.2018

15 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Абай атындағы музыкалық драма театрында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ШҚО әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Абай әлемі» кітаптар топтамасының тұсаукесерін ұйымдастырды. Ақын-жазушылардың шығармаларын бағалау және …

Тәуелсіздік жылнамасы: көрме – панорама

14.12.2018

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Абай атындағы кітапханада «Тәуелсіздік жылнамасы» атты тақырыпта кітапхана пайдаланушылары үшін көрме-панорама ұйымдастырылды. Көрменің бірінші бөлімі «Нұрсұлтан Назарбаев – Тұңғыш Президент» деп аталып, мемлекетіміздің сыртқы және ішкі саясатын қалыптастырудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері «Ғасырлар тоғысында», …

Мәңгілік ел – Мәңгілік рухани қазына: экскурсия және шолу

14.12.2018

13 желтоқсан күні қаламыздағы №9 мектептің 1-10 сынып оқушылары «Абай әлеміне саяхат»  клубының аясында  кітапханамызда болып қайтты. Аталған мектеп қабырғасында құрылған клуб қазақ тілі пәні мұғалімдерінің бастамасымен қолға алынған. Олар кітапханамыздағы «Абайдың рухани орталығында»  болып, 18 ғасырдың аяғы мен 19 …

Жазушы және азамат: сұхбат алаңы

12.12.2018

12 желтоқсан күні А. Солженицынның туғанына 100-жыл толуына орай «Диалог» әдеби салонының «Жазушы және азамат» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті. А.Солженицын ерекше тұлға болғандықтан,  отырыс сұхбат алаңы түрінде жүргізілді. Ол жазушы, драматург, публицист, ақын, қоғам және саяси қайраткер, әдебиет саласы бойынша …

Мәңгілік Ел – Ұлы дала елі: ақпараттық сағат

11.12.2018

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 11 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күніне арналып, «Қайнар» колледжінің студенттерімен «Мәңгілік Ел – Ұлы дала елі» атты тақырыпта ақпараттық сағат өткізілді. Шараның мақсаты: студенттердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз …

Рухани Жаңғыру: Туған жердің табиғаты: сурет сабағы

06.12.2018

Сурет салу балаларға қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы. Ол қабылдау мен қиялды дамытады, графикалық дағдыларды үйретеді, әлемді бақылауға үйретіп, қоршаған ортаға қатысты жаңа білім береді, қолдың моторикасын дамытады. Сурет салу арқылы, бала бейнелерді елестетуге және көруге үйренеді. Туған өлкенің …

Шығыс жол шеңберін салушылар: ретроспективті іс-шара

30.11.2018

30 қараша күні Абай атындағы кітапхана «Прииртышье» өлкетану қоғамымен бірге №6 мектеп-гимназиясында «Шығыс  жол  шеңбері»  автожолдар құрылысына арнап, ретроспективті іс-шара өткізді. Аталмыш шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында және оның «Ұлы даланың жеті қыры» атты соңғы мақаласы аясында өтті. Шығыс …

Ел және Елбасы: ақпараттық-танымдық сағаты

30.11.2018

1 желтоқсан күні елімізде Тұңғыш Президенті күні аталып өтіледі. Осы күн қарсаңында, 30 қараша күні Абай кітапханасының қызметкерлері технологиялық колледждің студенттері үшін «Ел және Елбасы» атты ақпараттық-танымдық сағатын өткізіп, студенттерді еліміздің дамуы мен қалыптасуы жолындағы тарихи оқиғалармен, Қазақстан Республикасының Президенті …

Ұлт көшбасшысы, Елбасы: ақпараттық хабарлама

30.11.2018

1 желтоқсан күні Қазақстан халқы еліміздің жаңа тарихында – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтеді. 30 қарашада Абай кітапханасының қызметкерлері Семей қаласының технологиялық колледжінің «Аға буынға – назар және қамқорлық» атты әлеуметтік жобасының аясында «Әйелдер мен білім» қоғамдық ұйымының …

Қызықты информатика: жеке тренинг

30.11.2018

2018 жылғы 26-29 қараша аралығында пайдаланушының сұранысымен «Информатика» пәні бойынша шағын жобаға қатысу үшін жаңа тренинг ұйымдастырылды. Үшінші сынып оқушысы жеке тренингте компьютермен жұмыс жүргізуді, мәтіндік редактормен, Windows және Tux Paint қосымшаларымен танысты. Тренингтен алған білімін нақтылау мақсатында қатысушыға тәжірибелік …

Дербес компьютер: нашар естушілерге арналған жеке тренинг

29.11.2018

2018 жылғы 26-29 қараша аралығында компьютер негізі бойынша зейнеткерге арналған жеке тренинг өткізілді. Тренингте 64 жастағы қатысушы Оқасов Берикқажы Қажыкенұлы компьютермен жұмыс жүргізуді, мәтіндік редактормен, Windows және оның қосымшаларымен танысты. Тренингтен алған білімін нақтылау мақсатында қатысушы тәжірибелік тапсырмалар орындады. Оқу …

Ұлт зиялыларының мұралары латын қарпінде: сирек кітаптар көрмесі

29.11.2018

Кітапхана қызметкерлері қаламыздағы Қазақстан инновациялық университетінде  өткен «Латын әліпбиіне көшу – өркениетке қадам» атты семинарға  «Ұлт зиялыларының мұралары латын қарпінде» атты сирек кітаптар көрмесімен қатысты. Семинар  қатысушыларын, яғни бүгінгі таңда білім алып жатқан жас буын өкілдерін «Рухани жаңғыру»  мемлекеттік бағдарламасы …

Әріптесімізді құттықтаймыз!

28.11.2018

Кітапханамыздың қызметкері, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, жас ақын Божан Медет Астана қаласында өткен Елорданың 20 жылдығына арналған «Астана жастар жүрегінде» атты жас ақындар мүшәйрасында жүлделі 3-ші орынды иеленді. Ақындар аламанына республикамыздың түкпір-түкпірінен бас аяғы 400-ге жуық жас ақын қатысқан. Әріптесімізді …

Шығыс Қазақстанның қасиетті жерлері: бейне саяхат

28.11.2018

Қазақ халқы ұзақ тарих пен әлемдік мәдениет қазынасына қосылған мәдени құндылықтардың иесі. ШҚО мәдени ескерткіштердің саны мен  алуан түрлілігімен көз тартады. Семей қалалық қарттар мен мүгедектерге арналған Медициналық-әлеуметтік мекемесінде 27 қараша күні өткізілген «ШҚО-ның қасиетті жерлері» атты бейне саяхаты осы …

Тарих көшбасшымен жазылады:саяси портрет

23.11.2018

23 қараша күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері, №44 мектептің 8-10 сынып оқушыларына арнап, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні аясында «Тарих көшбасшымен жазылады» тақырыбында саяси портрет өткізді. Іс-шара барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы және мемлекетіміздің сыртқы және ішкі саясатын қалыптастырудағы еңбегіне, әлемге …

Ұлт зиялылары мұралары-латын қарпінде: сирек кітаптар көрмесі

21.11.2018

Кітапхана қызметкерлері қаламыздағы Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледжінде өткен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты ғылыми конференцияға «Ұлт зиялылары мұралары-латын қарпінде» атты сирек кітаптар көрмесімен қатысты. Ғылыми конференция қатысушыларына, яғни бүгінгі таңда білім алып жатқан жас буын өкілдеріне «Рухани …