2413-2430 / 2852

Семей – қазақ театрының атамекені: тақырыптық көрме

24.10.2014

Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде 2014 жылы 24 қазан күні Абай атындағы музыкалы – драма театрының құрылғанына 80 – жыл толу мерейтойына орай «Семей-қазақ театрының атамекені» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Анна Ахматова лирикасы – ғасыр үні: әдеби кеш

24.10.2014

2014 жылдың 24 қазанында Абай атындағы әмбебап кітапханасы күміс дәуірінің бірегей ақыны, лирикалық миниатюраның танымал шебері Анна Ахматованың туғанына 125 жыл толуына орай «Диалог» кітап сүйер клуб мүшелерімен бірлесе «Лирикалық бастау» атты әдеби кеш өткізді.

Әбдіжәміл әлемі (Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 90 жыл): кітап көрмесі

23.10.2014

2014 жылдың 23 қазанында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері студентерге және кітапхана пайдаланушыларына арнап, Әбдіжәміл Нұрпейсовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Әбдіжәміл әлемі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Электронды қазақ үй: тұсаукесер

15.10.2014

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2014 жылдың 15 қазан күні Электронды қазақ үйдің тұсаукесер өткізілді. Тұсаукесердің ашылуы Семей қаласындағы № 8 “Балбөбек” ясли-балабақшасында басталып, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарға өткізіліп жалғасын тапты.

Дін мен дәстүр: тұсаукесер

15.10.2014

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2014 жылдың 15 қазанында қаламыздағы М.О.Әуэзов атындағы педагогикалық колледжінің 1-2 курс студенттерінің қатысуымен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» атты жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізді.

Халқы сүйген қаламгер: кездесу кеш

06.10.2014

Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 6 қазан күні “Жалын” журналының бас редакторы, халық жазушысы, сазгер, әлем ойшылдарының басын біріктіретін “XXI ғасыр және Руханият” атты халықаралық элита клубының Президенті Мұхтар Шахановпен кездесу кеш өтті.

World teachers’ day- Мұғалімдер күні: пікірталқы

03.10.2014

2014 жылдың 3-ші қазанында Абай атындағы кітапхананың Америка бұрышы аясында «World teachers’ day- Мұғалімдер күні» тақырыбында студенттер арасында пікірталқы болып өтті. Кітапхана қызметкерлері «Ұстаз ұлағаты» жайында сөз қозғап, студенттер пікірін ортаға салды.

Сіздің салаңыздағы жаңалықтар: мамандар күні

03.10.2014

2014 жылдың 3 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Мәдени сенбілік» аясында, Ұстаздар мерекесіне орай «Сіздің салаңыздағы жаңалықтар» тақырыбында мамандар күні өткізілді.

Еркін тақырып: фотосессия

29.09.2014

2014 жылдың 29 қыркүйегінде Абай атындағы кітапхана мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Объектив» фото-бейне клубының аясында көшпелі фотосессия ұйымдастырды.