Workshop Семейдің Экологиялық мәселелерінің басымдықтарын анықтау: семинар
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында 19-20 мамыр аралығында «Отбасы орталығы» ҚҚ-мен бірлесіп, үш сессиядан тұратын «Семейдің экологиялық мәселелерінің басымдықтарын анықтау» тақырыбында семинар ұйымдастырылуда.
Семинардың мақсаты – техникалық бағалау есебінде туындайтын бірқатар экологиялық мәселелерді мүдделі тараптармен талқылау және Семей қаласының экологиялық проблемаларына басымдық беру.
Семинар Шығыс Қазақстан облысында «Жасыл қалалар» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында жоспарланған. Ұйымдастырушылар мен жетекшілер Еуропалық қайта құру және даму банкі Өскемен және Семей қалаларына «Жасыл қала» іс-шаралар жоспарын дайындауға қолдау көрсету үшін тартылған «Witteveen and Bos Caspian» ЖШС болып табылады.
Бірінші сессияда табиғи орта, топырақтың ластануы, судың ластануы және негізгі ластау көздері, сумен жабдықтау және канализация, қалдықтар туралы талқыланады.
Екінші сессияда Қалалық құрылыс ортасы – ғимараттың құрылысы мен жағдайы, жылу және электр энергиясының көзі, жылу және энергияны тұтыну. Көлік – жеке көлік, қоғамдық көлік. Энергетика – жылуды өндіру және тұтыну, электр энергиясын өндіру және тұтыну, жылу және электр инфрақұрылымы.
Үшінші сессияда қаладағы жасыл аймақтардың әлеуметтік ортасы зерттеледі: ақылды қала – Интернет және байланыс желілері (инфрақұрылым және құны). Экономика типтері және жұмыспен қамту/жұмыссыздық саны.
Шараға «Witteveen and Bos Caspian» ЖШС өкілдері, қоғам мүшелері, эколгтар, Халықаралық сарапшылар тобы, депутаттар, бизнес өкілдері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.