Өсер елдің қарты – қазына болар: кітап көрмесі
Аға ұрпақ саналы ғұмырларын тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашты, рухани, мәдени және отбасылық құндылықтарды, бай халық дәстүрлерін өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсетіп, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеді. Жыл сайын қазан айының басында ізгілік пен құрметке негізделген атаулы мерекеге Абай кітапханасы түрлі іс-шараларды оқырмандар назарына ұсынады. Сондай шаралардың бірі 17 қазан күні өткен «Өсер елдің қарты – қазына болар» атты кітап көрмесі. Шара барысында «Қартаймай өмір сүру», «Денсаулық – өмір негізі» атты екі бөлімнен тұратын кітап көрмесі пайдаланушылар назарына ұсынылды. Көрмеге кітапхана қорынан алынған Малаховтың ««Укрепление здоровья в пожилом возрасте», О.Грегордің «Не стареть-это искусство» және Тель Л.З. «Истина здоровья» атты шығармалары мен «Денсаулық», «Отбасы және Денсаулық», «Здоровье», т.б. мерзімді басылымдар беттерінен алынған ақпараттармен толықтырылды.