Елбасы – ел мақтанышы, ел тірегі: кең көлемді кітап көрмесі
22 қараша күні Абай атындағы кітапханада Тұңғыш Президент күніне арналған Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарындағы сындарлы саясаты мен кемел ойларын баяндайтын «Елбасы – ел мақтанышы, ел тірегі» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме үш бөлімнен тұрды: «Президент өмірінің кезеңдері», «Жаңа дәуір Көшбасшысы» және «Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуындағы Президенттің рөлі». «Президент өмірінің кезеңдері» бөлімінде Елбасының өмір жолы, балалық шағы, адам және азамат ретіндегі қалыптасу қырларын көрсететін әдебиеттер орын алды. Елбасының Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалау бағытындағы басылымдар көрменің «Жаңа дәуір Көшбасшысы» бөлімінде ашып көрсетіледі. «Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуындағы Президенттің рөлі» бөлімінде Тұңғыш Ұлт көшбасшысының елімізді басқаруда атқарған ұлан ғайыр істері мен сұңғыла саясаткерлігін, тәуелсіздіктің алғашқы қиын қыстау жылдарынан бастап бүгінгі қарышты даму жолдарындағы атқарған қызметтері жайлы баяндайтын әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Шараға Агротехникалық колледжінің студенттері, кітапхана пайдаланушылары қатысып, Елбасы туралы көптеген қызықты мағлұматтырға қанық болды. Сонымен қатар жергілікті Semey, ТВК-6 телеарналарына екі тілде сұхбат беріліп, көрме бөлімдеріне шолу жасалды.