Әріптестерімізді құттықтаймыз!
Семей қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Халықаралық еріктілер күніне арналған салтанатты іс-шарада Абай атындағы кітапхананың орынбасары Амренова Гүльмира Фатихқызы қалалық мәслихат мадақтамасымен, бағдарламашы Изекенов Мақсат – БҰҰ-ның даму бағдарламалық мадақтамасымен, кітапханашы Түгельбаева Диана – отбасылық әйелдер және жанұя-демографиялық саясаты бойынша қалалық комисия мадақтамасымен марапатталды. Кітапхана ұжымы сіздерге шығармашылық табыс, қажымас қайрат, кәсіби жетістіктер тілейді.