Ел. Елбасы. Елорда: кең көлемді кітап көрмесі
1 желтоқсан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың студент жастар алдындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған дəрісі өтті. Аталмыш шараға Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Ел. Елбасы. Елорда» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында әлемдік саясаткердің жаңа үлгісін қалыптастырған, еуропалық және азиялық ерекшеліктерді шебер үйлестіре білген Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, қызмет жолына келуі және де халыққа кезекті жолдаулары, әлемнің 41 тіліне аударылған елбасының кітаптарына шолу жасалды. Оқырмандар кітапханамыздың құнды қорын құрайтын 200-ге жуық латын қарпінде басылып шыққан сирек басылымдардан жинақталған еңбектерді қызығушылықпен қарасты.