Ғасыр пірі: естелік – көрме
25 қаңтар күні оқу бөлімінің қызметкерлері әнші – бард, актер Владимир Высоцкийдың 80 жылдығына орай кітапхана оқырмандарының назарына «Ғасыр пірі» атты естелік – көрмесін жасақтап, библиографиялық шолу жүргізілді.
Владимир Высоцкий – ақын, әнші, актер, өмірінің соңына дейін Таганкадағы Мәскеу драма және комедия театрының труппасында еңбек етіп, «Кездесу орнын өзгертуге болмайды», «Вертикаль», «Қас қағымдық кездесулер» т.б. көптеген фильмдерде басты рөлдерде ойнады. Высоцкийдің ән – өлеңдері мен балладаларына, ол сомдаған рөлдеріне тоғышарлыққа, қоғамдағы әділетсіздіктерге қарсылық, еркіндікке ұмтылған қайсар рух тән.
Көрмеде әнші – ақынның қаламынан туындап, орыс ақыны Роберт Рождественскийдің құрастыруымен жарық көрген «Нерв» атты өлеңдер топтамасы, М. Влади «Владимир или Прерванный полет», «Высоцкий на Таганке», Л. Георгиев «Владимир Высоцкий» және т.б. кітаптары мен ақынның жан-жақтылығын ашып көрсететін мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары мен қазіргі кезде көне жәдігерге айналған күйтабаққа жазылған «Песня о друге», «Скалолазка», «Песня о переселении душ» т.б. әндерінен оқырмандар өздеріне керекті көптеген мағлұматтар алды. Сонымен қатар әнші – ақынға арналған бейне – ролик оқырмандардың ықыласына бөленіп, көрмені айшықтай түсті.
Владимир Высоцкий өзінің қысқа өмірінде өнер сүйер қауымның жүрегінде тамаша жүздiк өлеңдерi мен сомдаған рөлдері арқылы мәңгiлiкке қалды. Естелік – көрме қаңтар айының соңына дейін Владимир Высоцкидің шығармашылығымен қауышқысы келетін барша оқырмандардың көз қуанышына айналмақ.