Стратегия – 2050: жаңа міндеттер, бағдарлар мен бағыттар: дәріс
Елбасының 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің терең және қарқынды өзгерістерге аяқ басу жолдарын көрсетті.
Бұл өзекті тақырып Абай атындағы кітапханада 7 ақпан күні ұйымдастырылған «Стратегия – 2050: жаңа міндеттер, бағдарлар мен бағыттар» дәрісінің негізі болды. Шараға қатысқан Гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің және «Қайнар» колледжінің студенттеріне Жолдаудың басты 10 міндеттері туралы түсіндірілді. Колледж студенттеріне Жодлаудағы Қазақстанның индустриаландыру, инновациялық технология мен агроөнеркәсіптің тиімділігі, құрылыс жұмыстары мен автожолдардың жергілікті желісін жөндеу және қайта салу, тұрғын үйлердегі «ақылды технологияларды», көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін пайдалану жұмыстары туралы айтылды. Қатысушылар адами капиталдың оның ішінде білім берудің жаңа сапасы мен денсаулық сақтау ісі, сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі туралы мағлұматтар алды.
Студенттердің басым көпшілігін «Елбасымен нұрлы болашаққа» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі қызықтырды, бұл көрмеде Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығы, Қазақстанның даму жолдары, ұлт тарихымен болашағы туралы еңбектері қойылды.