Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыс: практикум
2018 жылы 6 ақпан-16 наурыз аралығында кітапханашы мамандардың кәсіптік біліктілігін жетілдіру мақсатында «Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыс» практикумы өткізілді. Шараның мақсаты: кітапхана қызметкерлерінің білімін кеңейту және кәсіби қызметтерінде қолдануын қадағалау. Оқу барысында білім беру шарасына 6 қызметкерден қатысқан алты топ Excel электронды кестелерін формула, есеп, диаграмма арқылы жасау, сақтау, өндеу және пішімдеуін үйренді. Практикумда кітапханашы мамандарға Microsoft Excel бағдарламасы туралы жалпы ақпарат, терминдер, түсініктемелер, әмірлер туралы қысқаша ақпараттар берілді. Оқыту бағдарламасында Microsoft Excel бағдарламасының негізі, жасау үлгілері, қызметін қолдану сұрақтары қазақ және орыс тілдерінде қарастырылды. Кітапханашылар алған білімін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалануына мүмкіндік алды.