Компьютер меңгерудің негіздері: тренинг
2018 жылғы 13-20 наурыз аралығында «Компьютер меңгерудің негіздері» атты тренинг өткізілді. Шараға екі зейнеткер қатысты. Қатысушылар тренинг бағадрламасы бойынша компьютер негізін меңгерді және қосымшалармен танысты. 5 күн ішінде олар компьютердің жұмыс істеу принципі, мәтінмен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау және сақтау, бағдарламаларды іске қосуды үйренді. Тренинг барысында алған білімдері арқылы қатысушылар болашақта тұрақты компьютер пайдаланушылары болады деген сенімдеміз. Енді компьютер негіздерін меңгерген зейнеткерлер ғаламтор арқылы қажетті ақпаратты тауып, таныстарымен қарым-қатынас жасау үшін келесі «Сауатты пайдаланушы» курсына жазылды.