Өмірі әнмен тербелген: «Кілт» авторлық әндер клубының ән кеші
2018 жылдың 25 наурызында Абай атындағы кітапхана қабырғасында Наурыз мейрамына арналған «Өмірі әнмен тербелген» атты авторлық ән кеші өтті. Наурыз мейрамын әр түрлі ұлт өкілдері тойлайтыны сияқты, музыка да әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіреді. Осы кеште клуб мүшелерінің орындауында ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде әндер шырқалып, кеш қоңақтарының ризашылығына ие болды.
Сондай-ақ, клуб мүшелері Тимур Әубәкіров, Сергей Назиров, Вадим Син, Александр Пашкевичтер өздерінің авторлық әндерін орындап, кешті жандандыра түсті. Шараны жүргізуші Тимур Әубәкіров қашанда үлкен сұранысқа ие, гитара аспабы туралы танымдық ақпаратты әзіл-оспаққа араластыра отырып, қызықты мағлұмат берді. Кешті «Кілт» ансамблінің мүшелері осы кітапхана қабырғасында өздерінің бастамаларымен шығарған бірнеше әндерін орындап қортындылады.