Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: пресс-релиз конференция
18 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде өткізілген «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты пресс-релиз конференциясына қатысып қайтты. Кітапхана қызметкерлері «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған алғашқы 18 кітапты таныстырып, видеопрезентациясын өткізді. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» психология, философия, әлеуметтану, дінтану, лингвистика, экономика т.б. ғылым салалары бойынша шығарылады.
Кітапханашы мамандар белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе», Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» атты кітаптардың мазмұнына ерекше тоқталып өтті.
Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электронды онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрстерінің видеотекасы сияқты үш форматта қолжетімді болмақ. Пресс-релиз конференция барысында Семей жастар ресрутсық орталығының директоры Олжас Соғымбай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының маңызына тоқталып, болашақта «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» Жобасы аясында жастар арасында өткізілетін іс-шараларға тоқталды. Студенттер оқулықтардың қай уақытта қолжетімді болатыны жайында сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.