Кітап сыйла: акция
Қисық кетіп, қапасқа түскендер темір тордың арғы жағындағы тыныс-тіршілікті кітаптан, мерзімді басылымдардан оқып біледі. Сондықтан да, Абай атындағы кітапхана Бүкілдүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай қаламыздағы 156/15 (№35 колония) жазасын өтеушілер колониясына жиыны 300-ге жуық кітапты сыйға берді. 156/15 мекемесінің юстиция майоры, сотталғандар арасында тәрбие беру жұмысы бастығының орынбасары Оразғалиев Ермек Қамаданұлы кітапхана ұжымының сыйға берген кітаптары темір тордың ар жағындағы азаматтарға үлкен рухани көмек береді, әр басылым өз оқырманын табады деген сенімін білдірді.