Прииртышье орманының биологиялық алуан түрлілігін сақтайық: атты мектеп орманшылықтары мен экологиялық топтарының слеті
22 мамыр күні Абай атындағы кітапханасың қызметкерлері «Балалар және жастар шығармашылық орталығы «Исток», «Төтенше жағдайлар басқармасы», Семей қалалық ішкі саясат бөлімі және білім беру бөлімімен бірлесе отырып «Саябақтар маршы – 2018» халықаралық қозғалыс аясында, «Парк шеруі» атты мектеп орманшылықтары мен экологиялық топтарының 13-ші аймақтық слетін өткізді.
Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаев Жолдауы аясында өткізілген шара ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманның биологиялық алуан түрлілігін сақтау және орманда өзін-өзі қалай ұстау керектігіне бағытталған жаңа формалары мен әдістерін енгізе отырып, өмір қауіпсіздігі негіздері білімін арттыру мақсатында жастармен жұмыс жүргізу болып табылады.
Подгородый орманшылығының базасында өткен «Табиғатты болашақ үшін ардақтайық» атты ұранмен басталған қалалық слетке 8 аймақтық мектеп оқушылары қатысты.
Жарыс бағдарламасы туристік-құтқару, «Біл және үйрен» көпсайысы бойынша және судан құтқару қызметі сайысы мен «Визит карточкасы» ауызша презентациялар сайыстары қамтылған 5 кезеңнен тұрады.
Барлық қатысушылар түрлі кедергілерден өту, туристік сайыстар, орманда от жағу және сөндіру ережелерінен тренинг, өрт сөндіру эстафетасы, алғашқы медициналық көмек көрсету, жергілікті жерді бағдарлау, орманды қалпына келтіруге бағытталған сұрақ-жауап түріндегі сайыстарда өз білімдерін көрсетті.
Қатысушы командалар сөздерден мақал-мәтелдер құрастырып, табиғатта жүріп-тұрудың ережелерін жасақтап, ұсынылған қоқыстың жерде өмір сүру мерзімін анықтауы жайында кітапхана қызметкерлері «Эрудит» ойынын ұйымдастырды.
Сайыс қорытындысы бойынша мынандай орындар тағайындалды:
I орын – «Экос» (Малая Владимировка ауылы);
II орын – «Орман қорғаушылар» (Сосновка ауылы);
III орын – «Орман достары» командаларына (Березовка ауылы) мен «Боровичок» (Боровлянка ауылы) берілді.
Ұйымдастырушылар тарапынан сайыс жеңімпаздарына дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Аталмыш шараға командалар белсене қатысып, өздерінің жан-жақты дайындықтарын көрсете білді.