Абай атындағы кітапхананың сирек басылымдар қорындағы латын қарпіндегі басылымдар: кітап көрмесіне шолу
29 мамыр күні Абай атындағы кітапханада «Алтай» өңірлік телеарнасы «Латын әліпбиі дәуірі» бағдарламасы үшін «Сирек басылымдар қорындағы латын қарпіндегі басылымдар» атты көрмеге қойылған кітаптарға бейнетүсірілім түсірді.
Кітапхана қызметкерлері журналистерді Қазақстанда латын әліпбиіне көшу тарихымен таныстырды. 1930 жылдары латын қарпінде жарық көрген «Комсомол пропагандисі», «Социалды Шығыс», «Турксиб», «Сарыарқа» және т.б. мерзімді басылымдарға ерекше көңіл бөлінді. Журналистер латын қаріпіндегі ауыл шаруашылығы, әлеуметтік ғылымдар, медицина, білім беру және т.б. саладағы кітаптарға ерекше назар аударды. Дәстүрлі көрмені QR-код сөресінен орын алған кітаптар толықтыра түсті. Кітапхана мамандары QR-код сөресіндегі кітаптарды смартфондарға қалай көшіру керектігі жайлы шеберлік-класс өткізді. Журналистер заманауи қолданушыларға қол жетімді латын қарпінде сақталған кітаптардың бай қорына таңданыстарын білдіріп, ұйымдастырған кітап көрмесіне алғыстарын айтты.