Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР Заңын, мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодекісін түсіндіру: дәріс
20 маусым күні Абай кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын, мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодекісін түсіндіру» тақырыбында дәріс өткізілді. Абай кітапханасының адвокаты Исабаев Қ.Б. дәріс барысында ҚР жемқорлықтың салдарын, себептерін, зардаптарын түсіндірді. Ол мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі туралы толығырақ айтып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударуды атап өтті.
Сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері» тұжырымдамасына түсініктеме беріп, сөз соңында іс-шараға қатысышулардың барлық сұрақтарына жауап берді.