Кітапханашы – мамандық
21 маусым күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің мамандары мен 11-ші сынып оқушысы Мұхамедәли «Ата-ана қызметіндегі он күн» атты жоба бойынша видеотүсірілім жасау үшін Абай кітапханасына келіп кітапханашы мамандығының қыр-сырларымен танысты.
Кітапханашы маман мен оқырман қарым-қатынасының маңызы жайында және ақпаратты тез арада дәл тауып, дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы рухани құндылықтарды оқырманға ұсынуда кітапханашының рөлі зор екенін түсіндірді.
Мұхамедәли кітап қоры сақталған бөлімге кіріп, өзі де іздестіру жолдарына қатысып, кітапханашы мамандығының қаншалықты абыройлы және күрделі мамандық екеніне көз жеткізгенін ризашылықпен баяндады.