Терроризм – адамзатқа қарсы қылмыс: басылымдар көрмесі
22 маусым күні Абай атындағы кітапхананың оқу залы Семей медициналық университеттің студенттері мен кітапхана пайдаланушыларына арналған «Терроризм – адамзатқа қарсы қылмыс» тақырыбындағы басылымдар көрмесін ұйымдастырылды.
Мемлекетіміздің ынтымағы мен тыныштығын сақтау үшін терроризмге қарсы күрес мақсатында көрмеге назар аударған оқырмандарға, еліміздегі терроризммен күрес заңнамасы туралы, терроризм және экстремизмге, халықаралық террористік ұйымдарға қарсы күрес және профилактикасынан хабардар беру болды.
Көрмеде «Терроризм мен экстромизм-қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың ең қауіпті түрлері», «Терроризм – аса қауіпті қылмыс», «Терроризммен күрестің заңды негізі», «Терроризм мен дін қарама-қайшы ұғым», «Терроризмге – тосқауыл», «Террорризммен күрес – елдер өзара әрекеттескенде ұтымды» сынды т/б мерзімді басылым беттерінен жарық көрген мақалалар көрменің мағынасын ашып, толықтыра түсті. Кітапхананың бай қорынан алынған Қ. Рахманов «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы», Е. Қарин «Терроризмге қарсы күрес стратегиясы: мемлекет пен қоғамның одағы» К. Мырзан «Терроризм – қасірет», М. Бұлұтай «Терроризм – мұсылмандыққа жат», М. Өмірзақ «Террор және тарихи он минут әлемдік саясатты өзгертуі ықтимал», С. Садықов «Терроризм – ел тәуелсіздігіне төнетін қауіп», А. Тәжуітов «Терроризм салдары. Оның әлемдік экономикаға ықпалы қандай болмақ?» атты әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.
Шарадан оқырмандар террор, діни экстремистік жағдай, оның қоғамға залалы, зияны жайлы оны алдын-алуға және болдырмауға бағытталған көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтану шараларынан мол мағлұмат алды. Терролизммен күрес құзырлы орындардың ғана емес әрбір азаматтың да ат салысып күресетін міндеті екенін түсінді.