Астана – арман қала: виртуалды саяхат
4 шілде күні Абай атындағы кітапхананың коворкинг-орталығында Астананың 20-жылдық мерейтойына орай, Астана қаласының тарихы, 20 жылда жеткен жетістіктері, Астана қаласының тарихи- мәдени орындарымен таныстыру мақсатында кітапхана пайдаланушылары мен «Баттл» ойын – сауық орталығының жазғы балалар лагерь демалушыларына «Астана – арман қала» атты виртуальды саяхат жүргізілді.
Шараны бас қала Астананың тарихы туралы әңгімелеуден бастаған кітапханашы соңғы үлгіде салынған кеңселер мен көздің жауын алатын тұрғын үйлер-сәулет өнеріндегі үздік туындылар, музыка әуеніне елтіген су бұрқақтары, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы, Пирамида, «Астана-Бәйтерек» және т.б. мәдени орындар жайында тың мәліметтер берді. Сонымен бірге, «Астана – Қазақстанның елордасы» фильмдер топтамасынан алынған «Уақыт төріндегі қала» атты бейнефильмді тамашалап, виртуалды саяхатты жалғастырды. Шара соңында «Ел жүрегі Астана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.
Виртуалды саяхатты тамашалаған жас оқырмандар өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерімен бөлісіп шарадан үлкен әсер алып қайтты.