Әлемге танылған Абай: әдеби кітап көрмесі
Абай атындағы кітапхана Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай Ұлы Абайдың туғанына 173 жыл толуына байланысты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Біздің Абай» әдеби экспозициясы аясында «Әлемге танылған Абай» тақырыбындағы кең көлемді әдеби кітап көрмесімен Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында іс сапарда болды.
2018 жылдың наурызында Өзбекстан президенті Ш. Мирзиёев Абайдың сөз маржандары мен қайталанбас шығармаларына ерекше көңіл бөліп, өз халқына оқуды ұсынған болатын. Ұлы Абайдың туған күнінде Өзбекстан Республикасының зиялы қауымы Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен бастап, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі ғимаратында әдеби көрмені тамашалады. Абай оқыған кітаптар мен оның қайраткерлік тұлғасын көрсететін әдебиеттер әлемі өзбек жұртышылығының қызығушылығын тудырды.
Әдеби көрме Өзбекстан Жазушылар Одағының ғимаратында өткен конференцияда жалғасын тапты. Шараға қатысқан өзбек ақын-жазушылары көрмеден орын алған Абай тұлғасына қатысты сирек басылымдар, ұлы ақын оқыған кітаптар мен әлем тілдеріндегі Абай шығармашалығын аса ризашылықпен тамашалап, ерекше құрметпен қарады.
Конференция барысында ШҚО әкімінің орынбасары Ә.Нусупова кіріспе сөз сөйлеп, өзбек халқының Жазушылар Одағына «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптар топтамасын сыйға тартты.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекттік университетінің профессоры А.С.Еспенбетов және Рустам Мусурмон, Қалдибек Сейданов, Ахмеджан Мамғаев сынды өзбек халқының ақын жазушылары қазақ-өзбек әдеби-мәдени байланыстар жайлы және аталған халықаралық шараның себепкері ұлы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасына байланысты баяндама жасап, қатысушыларды ақын шығармашылығымен кеңінен таныстырды. Шараға қатысушы Ә.Новои атындағы университеттің студенттері қазақ және өзбек тілінде өлеңдерін оқыды. Конференция барысында Өзбекстан Жазушылар Одағы өзбек тіліне аударылған Абайдың шығармалары мен өзбек-қазақ әдеби байланыстары жайлы жаңа басылымдардың тұсауын кесіп, кітапханамыздың қорына сыйға тартты.
Өзбекстан Республикасының деректі фильмдер студиясы Абай тұлғасын өзбек халқына кеңінен ашып көрсету мақсатында алдағы уақытта кітапханамызбен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға ынталы екенін білдірді.
Шаралар барысында Семейлік дәстүрлі әнші Берік Омаров Абай әндерін әулете шырқады. Әріптестеріміз өзбек елінің БАҚ-на танымдық ақпараттар беріп, үлестірме материалдар таратты. Абай шығармашылығын өзбек халқының жұртшылығына кеңінен таныстыруға арналған халықаралық шара екі елдің халқы үшін маңызды болды.
Толығырақ: https://www.facebook.com/semeybib
https://vk.com/semeylib
https://www.instagram.com/semeybib/
http://rudnyi-altai.kz/11301-god-abaya-v-uzbekistane.html
http://didar-gazeti.kz/8491-tashkent-trndeg-toy.html
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-tashkente-otprazdnovali-173-letie-abaya-351279/
http://www.kultura.uz/view_9_r_11987.html
https://www.inform.kz/kz/kak-v-tashkente-otmetili-den-rozhdeniya-abaya_a3351157
http://ic24.kz/news/v-uzbekistane-otmetili-173-yu-godovschinu-rodgdeniya-abaya-kunanbaeva-u32895
http://news.ivest.kz/142500954-v-tashkente-otprazdnovali-173-letie-abaya
http://www.uztag.info/ru/news/v-tashkente-masshtabno-otmetili-173-yu-godovshchinu-kazakhskogo-poeta-i-myslitelya-abaya-kunanbaeva
http://kz-news.info/30902
https://www.inform.kz/ar/kak-v-tashkente-otmetili-den-rozhdeniya-abaya_a3351157
https://aqparat.info/news/2018/08/10/8945150-v_tashkente_otprazdnovali_173-letie_abay.html
http://www.matritca.kz/regions/vostochno-kazahstanskaya-oblast/56373-v-tashkente-s-razmahom-otprazdnovali-173-godovschinu-rozhdeniya-abaya-kunanbaeva.html
http://www.zakon.kz/4932142-v-uzbekistane-otprazdnovali.html