Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ парызымыз: көрме-шолу
13 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ парызымыз» атты көрме-шолу ұйымдастырылып өткізілді. Қазақстан бірінші болып ТМД елдері арасында 1998 жылдың шілде айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдағаны белгілі. Бұл көрме-шолудың мақсаты: оқырмандарды аталған заңда көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттарымен таныстыру, жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу бойынша ұйымдастырылып жатқан заңнамалық сипаттағы шаралармен, талаптармен таныстыру. Мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сапалы, жаңа негізде жүргізуге мүмкіндік беретін кешенді құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар жөнінде ақпарат беру болды. Шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың мәні мен маңызының күннен күнге артып келе жатқандығына, қашанда сыбайлас жемқорлықтың салдарын жоюмен күрескенше, ең тиімділігі оның алдын алу екендігіне көз жеткізді. Шара аясында бейнероликтер көрсетіліп, аталмыш кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге кітапхана пайдаланушылары, қаламыздағы колледждердің студенттері қатысты.