Мемлекеттік тіл – ұлттық казына: кітап көрмесі
17 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне байланысты, мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік тіл – ұлттық казына» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тіл – қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны мен ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі.
Аталмыш көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар, электрондық басылымдар, газет–журналдар беттеріндегі мәліметтер ұсынылып, библиорграфиялық шолу жасалды. Атап айтсақ: «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытудың жаңа технологиялары: дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы», «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі», М.Балақаевтің «Қазақ тілінің мәдениеті» тағы басқа басылымдар, барлығы көрмеге 25 кітап 2 электрондық басылым қойылған. Көрме қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.