Мәдениет және тілдер үндестігі: тілдер байқауы
22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні жыл сайын елімізде түрлі шаралармен аталып өтіледі. Осыған орай Абай атындағы кітапханада қаламыздың №6 мектеп-гимназия оқушылары үшін үш тілді меңгеру туралы мазмұнды шаралармен қамтылған тілдер байқауын өткізді.
Шараның мақсаты: оқушыларды туған тілі мен өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезіміне тәрбиелеу. Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Кітапхана қызметкерлері балаларға дүниежүзінде не істелінсе де, тілдің қатысуымен іске асатынын түсіндірді. Онсыз жұмыс істеу, ғылымды, техниканы, кәсіпті, өнерді, өмірді ілгері жылжыту, дамыту мүмкін емес екенін айтты. Іс-шара барысында Қазақстандағы үштілділік реформасының қажеттілігі түсіндіріліп, өзге тілдерді пайдалана отырып өз тіліміздің мәртебесін көтерудің маңызыдылығы айтылып өтті.
Байқауға қатысушылар өздерінің тілді қаншалықты білетіндіктерін білімдерімен дәлелдей алды. «Қай тілді білесің?», «Ағылшын тілі – әлімдік тіл», «Омоним дегеніміз не?», «Жұмбақтар шешуі» және «Ана тілің-арың бұл» тақырыптарында сайыс өткізілді. Бұл сайыста оқушылар үш тілде ән шырқап, өлең жолдарын нақышына келтіріп оқудан жарысқа түсті. Шара соңында байқау қорытындысы бойынша озық шыққан оқушыларға кітаптар сыйға тартылды. Арнайы жасақталған «Тіл – ұлттың рухани негізі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.