Егер де жапыраққа тіл бітсе…: «Кілт» авторлық ән орындаушылар клубының музыкалық-шығармашылық кеші
30 қазан күні кітапханада «Кілт» авторлық ән орындаушылар клубының қатысуымен «Егер де жапыраққа тіл бітсе…» атты музыкалық-шығармашылық кеш өтті. Музыкалық кеш табиғаттың тамаша бір көрінісі — күз мезгіліне арналған.
А.Пушкиннің «Күрең күздегі мереке» өлең жолдары кеш тақырыбының негізгі арқауы болды. Клуб музыканттары А. Гамбург, Т. Әубәкіров, А. Бондарев, А. Пашкевич, В. Син, Н. Богданов, Н. Бочаровтардың күз, махаббат, табиғат тақырыбында жазған әндері шырқалды. Сонымен қатар, С. Назиров өз өңдеуіндегі “Қара кофе”, “Крематорий”, “Жапырақтар”, “Күз” топтарының әндерін орындап, жаңаша өңделген “Жексенбі” тобының әндерін М.Байжанов орындап тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды
Кеш көрермендері К.Симонов, А. Сурков, С. Маршак, И. Бунин, Н. Кольцов және М. Лермонтовтардың шығармашылығымен танысып, күз айларында дүниеге келген ақындар мен бард әндерін орындаушылар туралы ақпараттармен танысты. Шараға қала тұрғындары мен Красноярск қаласынан келген қонақтар қатысып, үлкен әсер алып қайтты.