2323-2340 / 2614

Аймақтық туризмнің дамуы: бейнекруиз

04.03.2014

2014 жылы 4 наурызда Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері Семей Мемлекеттік медициналық университетінің студенттерімен «Аймақтық туризмнің дамуы» тақырыбында бейнекруиз өткізді.

Поэзия әлемінің адал перзенті: кітап көрмесі

28.02.2014

2014 жылдың 28 ақпан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қалалық №20 орта мектебінде ұйымдастырылған қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша ұйымдастырылған мектеп аралық мәдени шараға «Поэзия әлемінің адал перзенті» тақырыбындағы кітап көрмесін қатысушылар назарына ұсынды.

Жобалау технологиясы: ақпараттық сағат.

27.02.2014

27 ақпан 2014 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастырумен, Ж.Шайжүнісов атындағы электрондық колледж студенттеріне арнап «Жобалау технологиясы» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Өлке тарихындағы танымал тұлғалар: Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы кітапханадағы Абай атындағы кітапхана күні

26.02.2014

26 ақпан күні Абай атындағы кітапхана Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы кітапханада болып, керекулік оқырмандарға интеграциялық шаралар аясында имидждік шаралар топтамасын ұсынды.

Индустриалды инновациялық даму- еліміздің қарқынды дамуының басты бағыты: танымдық сағат

25.02.2014

2014 жылы 25 ақпанда Абай атындағы кітапхана қызметкерлері бизнес колледжінің студенттеріне «Индустриалды инновациялық даму- еліміздің қарқынды дамуының басты бағыты» тақырыбында танымдық сағатын өткізді.

Ғалыммен кездесу

20.02.2014

2014 жылдың 20 ақпанында кітапханамызға Әлихантану-Алаштану ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты ат басын тіреген қаламыздың қонағы, ғалым Сұлтанхан Аққұлұлымен кездесу оқырмандарымыз үшін тосын сый болды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тренинг

20.02.2014

2014 жылдың 10-20 ақпан аралығында мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін «Компьютерлік сауаттылық» жобасының аясында «Интернет және электронды пошта» тегін оқыту тренингі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында өтті.

ЭКСПО-2017: даму баспалдағы: онлайн-кездесу

18.02.2014

18 ақпан 2014 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Бородулиха аудандық кітапханашыларымен бірлесіп «ЭКСПО-2017: даму баспалдағы» аясындағы циклда ЭКСПО-2017 онлайн- кездесу шарасын өткізді.