Семейдің қазба байлықтары: өлкетану қонақжайы

02.10.18

30 қыркүйек күні Абай кітапханасында  өлкетану қонақжайының ай сайынғы отырысы өткізілді. Осы жолғы кезекті отырыс:  дәріс және шығармашылық  бағытта өрбіді. Шара барысында ұйымдастырушылар қала тұрғындарын өлкеміздің минералды байлықтарымен таныстырды. Кітапханамыздың қызметкерінің ұйымдастырумен Семей өңірінің революцияға дейінгі және революциядан кейінгі кезеңдегі пайдалы қазбалар жайлы сирек қорымызда сақталған әдебиеттерден кітап көрмесі қойылып шолу жасалды. Көрмеге барлығы аса құнды 10 кітап қойылып,  соның ішінде В.А. Пазухиннің «Металлургия в киргизской степи» атты 1926 жылы  шыққан монографиясы қала жұртшылығының  ерекше қызығушылын оятты.

Өлкетанушы Александр Демьянович Зязин біздің өлкеміздің пайдалы қазбалары мен кен орындары туралы шағын экскурсия жасап, әсіресе Делбегетей тауларындағы кен орындарына тоқталып, сондай-ақ қаланың қазіргі заманғы тау-кен өндіру және алтын өндіруші кәсіпорындары туралы айтып берді. Өлкетанушы айтқан минералды байлықтардың жәдігерлерінен  көрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның шығармашылық бөлімі жергілікті фотограф – қазақстандық фотоконкурстың екі дүркін жеңімпазы Светлана Артюшинаның фотосуреттерінен жасақталған көрме ұсынылды. Фотографпен кездесу барысында шара қонақтары фотоға түсіру қызығушулуғының  кәсіби деңгейге жеткенге дейінгі  жүріп өткен жолдарымен танысты. Шығармашылық кездесуді жергілікті  ақын Любовь Харитоненко өзінің Семей жайлы өленің оқып одан әрі жандандыра түсті.

Іс-шараға үш көрме дайындалды: Александр Зязин жинаған минералдар жинағы, кітапхананың сирек қорынан шыққан басылымдар көрмесі және фотограф Светлана Артюшинаның фотокөрмесі.