Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10 шілде күні Абай кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің мамандары «Sapsan» зияткерлік мектебінің тәрбиеленушілері үшін ашық аспан астында түрлі-түсті бормен жазғы табиғаттың әсем көріністерін бейнелеу сағатын ұйымдастырды.
Аталмыш мектеп тәрбиеленушілері тау мен күннің, жайқалған гүлдер мен мөлдір өзендердің, көкжиекте жарқыраған кемпірқосақтың суретін салып, жаздың шуақты сәттерін өз қиялдарымен сөйлете білді.
Шараға қатысушылар жаз мезгілінің әсемдігін жүректерімен сезіне отырып, бояуға жан бітірді.